Қоғам
Алматы облысында ит талаған 10 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 шілде, 2025
- 64

Дәрігерлер ит талап тастаған баланың қазіргі жағдайымен бөлісті.
Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында иттер талаған 10 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
"1 шілдеде науқастың жағдайы тұрақтанған соң, ол Қарасай ауданының орталық аудандық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, нашар белгілер жоқ", – делінген хабарламада.
Қазір баламен және анасымен клиникалық психолог жұмыс істеп жатыр. Болашақта оған тағы бірнеше ота жасалуы мүмкін.