Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы: Тоқаев заңсыз көші-қонға жол бермеуді тапсырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 шілде, 2025
- 556
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ ішкі істер, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалған.
Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталған.
Сондай-ақ президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударған.
Отырыс қорытындысы бойынша үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді, соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелген.
Ұқсас жаңалықтар
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2025
Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




