Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Адам саудасымен айналысып, сексуалдық зорлық-зомбылық жасаған»: атышулы P.Diddy ауыр жазадан құтылып кетті

«Адам саудасымен айналысып, сексуалдық зорлық-зомбылық жасаған»: атышулы P.Diddy ауыр жазадан құтылып кетті
Сурет: GLOBAL LOOK PRESS
Сексуалдық зорлық-зомбылық бойынша бірнеше ауыр айып тағылған рэпер жазаланбайтын болды.

Адам саудасымен айналысты және сексуалдық сипаттағы қылмыстық ұйым құрды деп айыпталған америкалық танымал рэпер және продюсер Шон Комбс Нью-Йорк сотында ақталып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Манхэттендегі федералды сотта өткен тыңдауда алқабилер оның кінәсіз екенін мәлімдеді. Аталған баптар бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Бұдан басқа рэпер өзінің бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура мен тағы бір әйелді жезөкшелікке итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Әрбір эпизод бойынша оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алқабилер шешімі жарияланған соң P.Diddy-дің қорғаушысы Марк Агнифило соттан клиентін кепілмен босатуды сұрады. Сот үкімі кейінірек жарияланады.

Шон Комбс 2024 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте ұсталған болатын. Прокуратура оған бопсалау, адам саудасы және сексуалдық зорлық-зомбылық бойынша бірнеше ауыр айып таққан. Ол өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып келеді.

Айыптау актісінде музыканттың ерлер мен әйелдерді есірткіге толы кештер мен сексуалдық қатынастарға күштеп қатыстырғаны, қылмыстық топ құрғаны, оның құрамындағылар адамдарды ұрлағаны, өрт қойғаны, пара беріп, тергеуге кедергі келтіргені жазылған.

Сот процесі барысында 34 куәгерден жауап алынған. Олардың арасында рэпердің бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура да бар.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар