Камбоджа қонақүйіне жұмыс істеуге кеткен қазақстандық қыз құлдыққа түсе жаздады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:32
- 295

Камбоджа қонақүйіне жұмыс істеуге кеткен қазақстандық қыз еңбек құлдығынан құтқарылды. Қазақстан ІІМ Интерпол бөлімінің шұғыл әрекетінің арқасында бойжеткен аман-есен елге оралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпаратт агенттінгі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Бойжеткен Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі қызметіне орналасу үшін барған. Алайда шетелге жеткен соң, ұсыныстың шынайы емес екені белгілі болады.
“Қазақстан ішкі істер министрлігінің Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады. Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге оралды”, – делінген хабарламада.
Бұл оқиға туралы мәлімет түскен сәттен бастап Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерпол бөлімшесі бірден шара қолданған. Қазіргі уақытта оны шетелде заңсыз жұмысқа тартпақ болған адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Олар заң шеңберінде жауапқа тартылады.
Қазақстан ІІМ шетелде жұмыс істеуге байланысты «тартымды» ұсыныстарға сенбеу керектігін ескертеді.