Мәдениет
«Енді тумайтынымды қабылдаңыздар»: Ерке Есмахан жан сырымен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:01
- 39

Босанғанына 20 күн болған Ерке Есмахан үйде отырса да бос жатпағанын айтты.
Әнші Ерке Есмахан көпшіліктің «өзіңе ұқсаған қыз туып ал» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Instagram-дағы парақшасында босанғанына 20 күн болғанын және бос жатпағанын айтты.
"Босанғаныма 20 күннен асты. Енді кішкене шыдасам болғаны. Бұйыртса, бірден қыдыруға шығамын деген жоспар бар. Бірақ үйде де бос жатқам жоқ. Күнде массаж, ағылшын сабағы және сериал. Үйдің үлкендері жан-жақта жүр. Ал кішкентай бала бағулы, қағулы қасымда", - деп жазды әнші.
Еркеге оқырмандары "өзіңе ұқсаған бір қыз туып ал" деп кеңес берген.
"Менің енді қыз тумайтынымды қабылдап алаңсыз өмір сүріңіздерші. Үш ұлымызға Аллаға сансыз шүкір", - деді ол.
Келесі мақала