Техаста су тасқынынан қаза болғандардың саны 50-ден асқан.
Тоқаев Техас штатында болған жойқын су тасқынына байланысты АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысы табиғи апат салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты қайғыны терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, марқұмдардың отбасылары мен жақын туыстарына көңіл айтты», — делінген жариялаған Ақорда жеделхатта.
Техастағы су тасқынынан қаза болғандардың саны 50-ден асты. Керр округінде 43 адам, Бернет округінде тағы үш адам, Травис округінде төрт адамның мәйіті табылды. Олардың арасында 15 бала бар.
Сонымен қатар лагерьде жоғалып кеткен 27 қыз әлі іздестіріліп жатыр.
Келесі мақала
Бокстан әлем кубогын үш спортшымыз жеңіп алды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстауда мұнай компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2026




