Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өзінің де күйеуі кіші ғой»: Айнұр Тұрсынбаева жас жігітке тұрмысқа шығатын үлкен әйелдерді қолдайтынын айтты (ВИДЕО)

«Өзінің де күйеуі кіші ғой»: Айнұр Тұрсынбаева жас жігітке тұрмысқа шығатын үлкен әйелдерді қолдайтынын айтты (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден
Айнұр Тұрсынбаева өзінен жасы кіші жігіттерге тұрмысқа шығатын әйелдер туралы айтты.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жас жігіттерге тұрмысқа шыққан әйелдерді қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жылқышыбай Нұрсейітке  берген сұхбатында айтты.

«Қазақта «Құдай қосқан қосағым» деген керемет сөз бар. Алла қосқан адамдарға бірдеңе деп айтуға хақым жоқ. Мен үшін қосылған екі жастың жасы, атақ-абыройы емес, ең бастысы қаншалықты дұрыс отбасы бола алғандығы. Дұрыс отбасы болып, бақытты өмір сүре алса неге қолдамасқа? 12 жас үлкен Еркеге үйленген Райм адамзат тарихындағы алғашқы еркек емес қой. Пайғамбарымыз да өзінен 15 жас үлкен Хадиша анамызды алды. Біз оны даналыққа, Раймның әрекетін ұятсыздыққа балағанымыз дұрыстыққа жатпайды», — деп сөзін түйіндеді айтыскер-ақын. 

Алайда желі қолданушылары, коуч, әрі психолог Айнұр Тұрсынбаеваның сөздеріне қарсы шықты.

Олар «Сұрайтын адамды тауыпсың Жол көрсеткен осы емеспе барлығына», «Болса осы Айнұрдай болу керек құдай қосса не шатағың бар сен кімсің талқылайтын», «тапқан ақыл сұрайтын адамды,бұл да жасқа тиді емес пе», «Айнұрдың да күйеуі өзінен кіші ғой» деп жазды.

@osekter #рек #казахстан🇰🇿 #той ♬ оригинальный звук - osekter

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар