Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда автобуста ер адам жасы үлкен кісіні соққыға жықты

Алматыда автобуста ер адам жасы үлкен кісіні соққыға жықты
Сурет: видеодан скриншот
Желіде ер адамның үлкен кісіні жқдырықпен ұрған видеосы тарады.

Әлеуметтік желіде Алматыда автобуста жолаушының соққыға жығылғаны туралы видео тарады. Полиция ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеода ақ жейде киген ер адамның үлкен кісінің бетінен жұдырықен ұрғанын байқауға болады.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес жолаушылар автобустан түсіп қалғаннан кейін де жалғасқан. Жанжал зейнеткердің кішкентай қызға қол жүгіртуінен шыққан. Бірақ ресми түрде нақтыланған жоқ.

Алматы полиция департаменті ақ жейде киген азаматты анықтап, ұстады.

«Осы оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция бөліміне қарасты полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жәбірленушінің орналасқан жері анықталуда. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады ведомстводан.

 

 

 

 

 

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар