Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаңбыр, бұршақ»: 9-10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Жаңбыр, бұршақ»: 9-10 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: nazaccent.ru
Еліміздің кейбір өңірінде ауа температурасы +41 °C-қа дейін жетеді.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктер болжауынша, 9-10 шілде аралығында ел аумағында найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста қатты жауын-шашын, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

«Атмосфералық фронттар елдің солтүстігі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз бұршақ жауу ықтималдығы бар. Ал қалған өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыста дауылды жел, ал түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман болады», делінген хабарламада.

9–10 шілде күндері күндіз батыс және оңтүстік-батыста ауа температурасы +41 °C-қа дейін, солтүстік-батыста +38 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстікте түнде ауа температурасы +7…+15 °C аралығында төмендеп, күндіз +20…+27 °C шамасында болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар