Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жағдайы ауыр”: Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

“Жағдайы ауыр”: Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
Сурет: Inform.kz
Жол апатына түскен Алматы облысы әкімінің орынбасары шұғыл ауруханаға жеткізілген.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады. Қазір шенеуніктің жағдайы ауыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 8 шілдеден 9-на қараған түні облыстағы тас жолдардың бірінде болған. Жол апатынан Масабаев көптеген дене жарақаттарын алған. Ол шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, Масабаевтың миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты, қабырға сүйектерінің көгеруі мен сынуы анықталған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар