Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды»: Ақтөбе облысында 47 жастағы әкім өзіне қол жұмсамақ болды

«Ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды»: Ақтөбе облысында 47 жастағы әкім өзіне қол жұмсамақ болды
Сурет: inbusiness.kz
Ақтөбе облысында өзіне қол жұмсамақ болған әкім ауруханаға жеткізілген.

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің әкімі 47 жастағы әкімі суицид жасауға әрекеттенген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 7 шілдеде болған. Бұл туралы желі қолданушысы Марлен Баймағамбетов өз парақшасында жариялаған.

«Бестамақ ауылында 2025 жылдың маусым, шілде айында ауыл әкімі Қанат Даулеталинге қандай болса да, пышақтау, болмаса травматикалық қарудан жарақат алу фактілері болды ма? 05.07.2025 жылы Алға орталық ауруханаға Бестамақ округі әкімі Даулеталин келіп түсті ме? Қандай жағдайда түсті? Қашан жансақтау бөлімінен палатаға ауысты? Сол Даулеталин өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша, іс тіркелді ме?», — деген жазба қалдырды. 

Бұл туралы ресми түрде мәлімдеген Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев оның жұбайы оқиғаның алдын алған.

"Осыдан кейін бірден ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Нақты себебін айта алмаймын. Бұл жеке мәселе", – деді Шүйіншәлиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әкімнің қазіргі жағдайы тұрақталғанын растады.

"47 жастағы ер адам 7 шілдеде Алға аудандық ауруханасына түсті. Жағдайы тұрақты, жалпы палатада жатыр", – деп нақтылады ведомство.

Шенеуніктің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полиция тергеуді бастады.

"Суицид әрекетіне қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс аясында басқа ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар