Астанада 25 жастағы қызды өзімен бірге тұрған жігіті мен оның анасы ұрып-соққан
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025
- 1.0k

Астаналық бойжеткенді жігіті мен оның анасы соққыға жыққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жәбірленуші Astanovka98 Telegram-арнасында айтты.
Қыздың айтуынша, ол жігітімен ұзақ жыл кездесіп жүрген және бірге тұрып келген. 6 шілде күні олар бірге достарының тойына барған. Сол жерде олар жанжалдасып, жігіт оны күштеп алып кеткен. Көлікті жігіт мас күйінде жүргізгенін айтады.
Түн ортасында жігіт үйге анасын ертіп келіп, қызды неше түрлі сөзбьен балағаттап бастаған. Сөйтіп ары ықарай жанжал басталған. Қызды екі жақтап ұрып-соғып дәлізге шығарып жібереді.
“Олар қыздың киімі мен ішкиімін жыртып, оны дәлізге шығарып жіберген. Сол жерде қыз көршілерден көмек сұрап, полиция шақырмақ болған. Кейін такси шақырып, әпкесінің үйіне кеткен. Одан соң ауруханаға барған”, – деп жазды Telegram-арна.
Жәбірленушінің мұрны сынған, дене жарақаты мен гематома диагнозы қойылған.
Астана қаласының полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Аталған факті бойынша тергеу аясында болған оқиғаның нақты жай-жапсарын анықтауға бағытталған барлық қажет процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, дәлелдер жиналып, талданып, тараптардың уәждері зерделеніп жатыр”, – деді ведомстводағылар.