Қоғам
Бас мүфти қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат балаларға берген қарияға қажылыққа жолдама сыйлады
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025
- 291

Бас мүфти павлодарлық ақсақалға өз алғысын білдірді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қажылыққа деп жинап келген қаражатын мүмкіндігі шектеулі балаларға үлестіріп берген 93 жастағы Сағадат Жұмабаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Павлодарлық ақсақалға бас мүфти қажылыққа жолдама сыйлады. Бұл туралы мүфтияттың ресми сайтына жарияланды.
ҚМДБ төрағасының тапсырмасымен Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мүфтият атынан берілген қажылық сапарының жолдама сертификатын Сағадат ақсақалға арнайы барып тапсырған.
Айта кетейік, Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматы облысында 10 жасар баланы ит талады: ер адам марапатталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025