"Өз пікірімнен бас тартпаймын": Бағым Мұхитденова Димашқа айтқан сыни пікірі үшін одан кешірім сұрамайтынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025
- 1.8k

Белгілі музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова кезінде әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнге байланысты айтқан сынына қатысты жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы тележүргізуші Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.
«12 жыл өтсе де, бұл тақырып әлі де қозғала береді. Бұл маған күлкілі. Ол жерде менің толық ойым емес, тек бір сөйлем ғана тарап кетті. Соның нәтижесінде мен Димашқа жоғары нотамен ән айтуға тыйым салғандай болып көріндім. Негізі, мен сол әнде тек шыңғырудың қажеті жоқ екенін айттым. Бұл – жай ғана менің кәсіби пікірім. Ән талғамсыз таңдалған деп есептеймін. Егер ән сапалы болса, ол шын мәнінде хитке айналар еді. Өз пікірімнен бас тартпаймын», – деді Бағым Мұхитденова.
Сондай-ақ, Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім сұра дейтіндерге де жауап бере кетті.
«Маған «кешірім сұра» дегендер бар. Бірақ не үшін екені маған түсініксіз. Мен Димаштың орындау қабілетіне емес, нақты бір әннің сапасына ғана қатысты пікір білдірдім. Бұл жеке тұлғаға бағытталған сын емес», – деді ол.