Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қызметінен кетті

Алматының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қызметінен кетті
Сурет: gov.kz
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы орнын босатты.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев қызметінен кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, 9 шілдеде Назарбаев даңғылында “Газель” өртенген болатын. Сол кезде өртті сөндіруге келген құтқарушылар сусыз келген.

Алайда, ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиқызы департамент басшысының қызметінен кетуі Назарбаев даңғылындағы өртке еш қатысы жоқ екенін айтты.

“Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің құрылымындағы кадрлық өзгерістерге байланысты хабарлаймыз: бұл өзгерістер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысы жоқ. Ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз", – деді ведомство өкілдері.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар