«Келін екеуіне бата беріп ем»: Сәкен Майғазиев Елдос Колобоктың сәбилі болуына өзінің де себепші болғанын жазды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 шілде, 2025
- 978
Әнші Сәкен Майғазиев әзілкеш «Елдос колобоктың» сәбилі болуына себепкер болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Жарасымды жұп үшін қатты қуаныштымыз! Елдостайдың бір сұхбатын көріп қалып, тілектес болып жүргендердің бірі біз едік. 2023 жылдың қарашасында Мейрамбек досым бата көкпар беріп, мен он мың теңге олжалағам. «Сол бата дарып, сендерге де перзент жұғысты болсын», - деп сол он мың теңгені Елдосқа ұсынып, келін екеуіне бата беріп ем. (Дереу ескертіп қояйын, әулиелігім жоқ) Ниет қой. Әрине, бәрі бір Алланың қалауы, ата-ананың дұғасы, көптің тілеуі, екі жастың сенімі. Сол үшін бір-бірімізге жақсы сөз айтып, жақсы ойда жүрейік. Алла Тағала салиқалы, саналы, иманды, білімді, өнерлі ұрпақтар сыйлай берсін. Сәби күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын. Біз де екінші перзентімізді 15 жыл күткенбіз. Махаббаттарыңыз баянды, берік болсын!», - деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ елшісі Нұрлан имамның үйінде қонақ болып, шашу шашты
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2026
Димаш Құдайберген мексикалық жанкүйерлеріне ерекше алғыс айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қараша, 2026




