Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жасөспірім өлі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:05
- 254

Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірімнің өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Lider.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.
"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан астам адам – Алматы қалалық құтқару қызметінің (109), республикалық жедел-құтқару жасағының, ТЖД, шекара қызметінің, полиция мен еріктілердің қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.