Қоғам
Үш жыл іздеуде болған Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:21
- 85

Дикий Арманның сыбайласы ұсталды.
Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күдікті үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
"Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандасы құрамында жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған, шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейін Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған. Күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұл қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.