Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

16,5 пайыз деңгейінде қалды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялады

16,5 пайыз деңгейінде қалды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялады
Сурет: egemen.kz
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, инфляциялық факторлардың қалыптасқан балансы, оның қазіргі қарқынды динамикасы, проинфляциялық үрдістер мен сыртқы ортадағы белгісіздік базалық мөлшерлемені қазіргідей деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтау ықтималдығына айтарлықтай себеп болып отыр.

"Сонымен бірге Ақша-кредит саясаты комитеті қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделетін болады, оның аясында макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары да жаңартылады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 29 тамызда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар