Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Перизат Қайрат қор құратын кезде құрылтайшылардың орнына қол қойып, жалған құжат жасаған

Перизат Қайрат қор құратын кезде құрылтайшылардың орнына қол қойып, жалған құжат жасаған
Сурет: ашық дереккөздерден
Перизат Қайратқа қатысты тағы бір мәлімет шықты.

Biz Birgemiz қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәлімет шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты. Оның мәліметінше, Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін тіркеу кезінде құрылтайшылардың қолдарын қолдан жасап, жалған құжат тапсырған.

“Бұл деректі біз жедел-іздестіру шаралары арқылы өзіміз анықтадық. Кейін қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Қоғамдық ұйымды құру кезінде құрылтайшылардың қолдарын қолдан жасап, әуелден-ақ “инвесторларын” алдауды мақсат еткен”, — деді ол Qoqam News бағдарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар