Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда бассейндердің бірінде бірнеше адам хлордан уланды

Атырауда бассейндердің бірінде бірнеше адам хлордан уланды
Сурет: lenoblast.bezformata.com
Хлордан уланған үш адам ауруханаға жатқызылды.

13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде хлордан үш адам уланып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Атырау өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, медициналық көмекке 14 адам жүгінген. Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында.

"Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасуда. 

Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды тапсырған. 

Бұдан бөлек, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар