“Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақыт кешіре алмадым”: Бағым Мұхитденова не себепті ренжігенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2025
- 495

Белгілі продюсер Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбековаға не себепті ренжігенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімеледі. Айтуынша, KeshYou тобының қыздары өзін бірнеше рет ренжіткен.
“Сыртымнан көрген адамдар мені ашушаң, зұлым деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес. Мен өте мейрімді, сезімтал, шығармашыл адаммын. Мені өкпелетсе оны шын жүрегіммен қабылдаймын, жылаймын. Шығармашылық жұмыста мен қатал бола алмаймын. Қыздар топтан кеткенде, ренжітсе, көңілге келетін сұхбат берсе қатты қиналамын. Жиі өтірік айтады. Бірақ кейін өздерінің қателескенін айтып, кешірім сұрайды”, - дейді Бағым.
Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақытқа дейін кешіре алмаған.
“Мен өте ұзақ өкпелеймін. Мүлдем кешірмеймін демеймін, бірақ 10 жыл өкпелеп жүруім мүмкін. Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақыт кешіре алмай жүрдім. Қазір бәрі жақсы, араласып тұрамыз. Ол “әділ болмады, өтірік” деген сарында сұхбаттар берді. Сол үшін қатты өкпеледім. Ең бірінші топтан кеткен де Мөлдір болды, қатты жаныма батты”, – дейді Бағым Мұхитденова.