Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты

Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын жеткізді.

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс бойынша негізі сот отырысы басталды. Бүгінгі сот процесінде прокурорлар айыптау актісін жариялады. Алайда Перизат Қайрат та, анасы да тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Айыптау актісімен келіспеймін, тағылған айыптар негізсіз. Қарапайым сөзбен айтқанда, тергеушілердің фантазиясы үшін мен жауапты емеспін. Маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын. Сот процесі енді ғана басталғандықтан, алда барлық уәж бойынша өзімді қорғаймын", - деді Перизат Қайрат.

Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да кінәсін мойындамайтынын айтты.

"ҚазАқпарат" ХАА-ның жазуынша, айыптау актісіне сәйкес, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде, адамдар тобы болып жасаған алаяқтық) және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылып отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар