Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев МӘМС туралы заңға қол қойды

Тоқаев МӘМС туралы заңға қол қойды
Сурет: kaztag.kz
МӘМС-ке өзгерістер енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заң денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды өзгертістерді көздейді. Олардың қатарында:

  • медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
  • медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және үйлестіруді күшейту мақсатында бірыңғай медициналық қызметтер топтамасын қалыптастыру;
  • халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамтуды кеңейту;
  • азаматтардың, жұмыс берушілердің және мемлекеттің бірлескен қатысуы есебінен денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • аурулардың алдын алуды және ерте диагностика жасауды жетілдіру арқылы емдеу ауыртпалығы мен құнын азайту;
  • медициналық ұйымдарды сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуге ынталандыру;
  • медициналық көмекті қаржыландыру саласында ашықтық пен есептілік механизмдерін енгізу.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар