Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тарифтердің өсімі тоқтатылған жоқ»: Премьер-министр коммуналдық қызмет тарифтерінің әлі де өсетінін мәлімдеді

«Тарифтердің өсімі тоқтатылған жоқ»: Премьер-министр коммуналдық қызмет тарифтерінің әлі де өсетінін мәлімдеді
Сурет: kavkaz-uzel.eu
Премьер-министр Олжас Бектенов тарифтердің өсуі жалғасатынын айтты.

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі тоқтаған жоқ және ол жалғасады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен брифинг барысында журналистер премьер-министр Олжас Бектеновке Қазақстанда тарифтердің өсуін уақытша тоқтату шешімі туралы сұрақ қойды. Оған жауап ретінде бұл халықты толғандыратын мәселе екенін айтты.

"Тарифтердің өсімі тоқтатылған жоқ. Бүгінгі мүмкіндікті, осы платформаны пайдалана отырып, тарифтердің өсуі жалғасады деп айтқым келеді. Бұл ауыр, жағымсыз мәселе, бірақ үкімет бұл туралы ашық айтып, тарифтерді нарыққа жеткізу саясатын жүргізіп жатыр", - деді ол.

Оның айтуынша, тарифтер өте ұзақ уақыт бойы шектен тыс реттеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа инвестиция салуға мүлде мүмкіндік бермеген.

"Қыста үйде жылу, электр, су, басқа да инженерлік желілер жақсы жұмыс істесін десек, тарифтерді көтеру жолына түсеміз. Тарифтерді көтеру қадамын аздап қайта қарадық. Бірақ жалпы алғанда бұл саясат жалғаса береді", - деді Бектенов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар