Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Премьер-министр мен оның орынбасарлары қашан және қайда демалғанды жөн көретіндерін айтты

Премьер-министр мен оның орынбасарлары қашан және қайда демалғанды жөн көретіндерін айтты
Сурет: horosho-tam.ru
Олжас Бектенов соңғы демалысында Алакөлде болғанын айтты.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен оның орынбасарлары еліміздің қай өңірінде демалғанды жөн көретіні туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкіметте премьер-министр мен БАҚ-тың қатысуымен өткен алғашқы брифингте одан соңғы рет қашан және қайда демалғаны туралы сұрақ қойылды.

"Нақты қайда болғаным есімде жоқ. Бурабайда ма әлде Алакөлде ме? 2021 жылы Алакөлде болдым. Одан кейін демалыс болмады, ешқайда шыққан жоқпын. Ең жақын жер Бурабайға да барып үлгермей жатырмын. Іссапармен Кендірліде, Алакөлде болдым. Бірақ шомылған жоқпын. Жағдайды бақылап қайттым", — деп жауап берді премьер-министр.

Бұл сұраққа үкіметтегі төрт вице-премьер де жауап берді. Роман Скляр өзіінң көптен бері демалыс алмағанын және Павлодар мен Баянауылды жақсы көретінін айтты.

Ермек Көшербаев өткен жылы 7 күн демалыс болғанда Еуропаға одан кейін елімізде отбасымен өткізгеніні айтты.

Ал Серік Жұманғарин соңғы рет жаңа жылда демалғанын жеткізді.

"Кейінгі екі жылда демалған жоқпын. Соңғы рет жаңа жылда ғана демалдым. Жаңа жылды Ақкөлде қарсы алдық. Өте керемет жер", — деді ол.

Қанат Бозымбаев өткен жылы су тасқынына байланысты жазда демалыс ала алмағанын айтты. Бірақ жәй демалыс күндерін Ақтауда жылы жағажай маңында өткізген.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар