Денсаулық сақтау министрлігі: ҚР-да фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 2024 жылы 22%-ға ұлғайды
- автор kyn.kz
- 21 шілде, 2025
- 8

2024 жылы қазақстандық фармацевтикалық өнімнің көлемі 22%-ға артып, 171,6 млрд теңгеге жетті. Тартылған инвестицияның көлемі екі есеге артып, 91,3 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт 32,9%-ға өсіп, 52,1 миллион АҚШ долларына жетті.
Фармацевтикалық өнімнің 2 466 атауына 34 қазақстандық өндірушімен 10 жылға дейінгі мерзімге 90 ұзақ мерзімді шарт жасалды.
Әлеуметтік мәні бар дәрі-дәрмектерге нақты қажеттілікті есепке алу үшін ұзақ мерзімді шарттар жасасу тәртібі қайта қаралуда.
Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca сияқты әлемдік компаниялармен келісімшарттық өндіріс туралы келісімшарттар жасалды.
Локализациялауға қойылатын талаптар күшейтілді, бірегей препараттар өндірісі ынталандырылды, бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, нормативтік базаны қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарда орналасқан өндірушілер үшін салықтық және инфрақұрылымдық преференцияларды қоса алғанда, жеңілдікті шарттар қолданылады.
Бүгінгі таңда елімізде 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді, 2023 жылы олардың 193-і болды, олардың 43-і дәрілік заттарды өндіруге, 164-і медициналық бұйымдарды өндіруге мамандандырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус инфекциясының тағы 9 жағдайы анықталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 шілде, 2025