Мәдениет
«Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді»: белгілі журналист көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 шілде, 2025
- 892
Журналист Мұхтар Түменов қайтыс болды.
Белгілі журналист, тележүргізуші, бірнеше деректі фильмдердің авторы Мұхтар Түменбай қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналистің әріптесі Серікқали Мұқашев жазды.
«Асылдың сынығы еді, тұлпардың тұяғы еді. Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз — белгілі журналист Мұхтар Түменбайдан қапыда айрылып қалдық. Үйінде отырып, жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…», - деп жазды Серікқали Мұқашев.
Айта кетсек, Мұхтар Түменбай әртүрлі газеттерде және республикалық телеарналарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, ұлттық арнадағы «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болған.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Нұрсұлтан Жақсыгенге сот 5 жыл блогерлікпен айналысуға тыйым салды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2026
Мәдениет
Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын ашты
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




