Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еліміздің бірнеше өңірінде жер сілкінісіне байланысты сиреналар іске қосылады

Еліміздің бірнеше өңірінде жер сілкінісіне байланысты сиреналар іске қосылады
Сурет: Getty Images
24 шілдеде жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал деген өңірлерде дабыл жүйесі қосылады.

24 шілдеде Қазақстанның екі мегаполисі мен жеті облысында дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

ТЖМ-ның мәліметінше, 23-24 шілдеде елімізде "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан.  

24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлері – Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында "Баршаның назарына!" сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

"Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Іс-шараға республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысады. Оның барысында жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер пысықталады.  

Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетіледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар