Павлодарда ер адам тапа-тал түсте қыздың бетін пышақпен тілгілеп тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:22
- 86

Павлодарда ер адам қызға шабуыл жасап, оның беті тілгілеп тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өңірлік полиция депатраменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.
Бұл туралы ақпаратты жергілікті ti.pavlo Telegram арнасы жариялады. Жазба авторы ер адамның әлі де бостандықта жүргенін айтқан.
“Тапа-тал түсте қыздың бетін пышақпен тілгілеп тастаған. Қыз тірі, беті түгел кесілген, тігіліпті”, – делінген жазбада.
Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бойынша дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Тергеу нәтижесіне сәйкес процестік шешім қабылданады.
“Ер адам анықталып, Павлодар қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, 20 шілде күні Малайсары батыр көшесіндегі аулада болған жанжал кезінде ол таныс әйелдің бетіне дене жарақатын келтірген”, – деп мәлімдеді ведомство.