Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бейнежазба жариялаған»: адвокат Мейірман Шекеев марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты тың мәлімет айтты

«Бейнежазба жариялаған»: адвокат Мейірман Шекеев марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты тың мәлімет айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу ісі аяқсыз қалған.

Белгілі адвокат Мейірман Шекеев марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты тың дерек жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі аяқсыз қалған. Күмін келтіретін жайттар  толық тексерілмеген.

«Нұрқанаттың анасының айтуы бойынша, сол күні доктор (Бауыржан Абдрахманов) Қаржаубайдың отбасына қатысты  бейнежазба жариялаған көрінеді. Жәбірленуші ретінде танылған Жұмабике ханымның доктордан жауап алып, жазаға тарту туралы арызы аяқсыз қалған. Бұдан бөлек күмән келтіретін жәйттар ҚПК 24-бабына сәйкес толық тексерілмеген», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Еске салсақ, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың оқиғасынан кейін шамамен екі айдан кейін немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың көз жұмғаны белгілі болды. Нұрқанаттың өлер алдындағы жазған хаттары желіге тарап кеткен болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар