Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті: іс сотқа жіберілді

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті: іс сотқа жіберілді
Сурет: ашық дереккөздерден
Руслан Берденовке қастандық жасаған күдіктіге қатысты іс сотта қаралады.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбайға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы — 24-баптың 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-баптың 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталып отыр

Алдын ала тыңдау 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленген.

Еске салсақ, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қала әкімдігі ғимаратының маңында 2025 жылдың 21 сәуірінде шабуыл жасалды. Оған бірнеше рет оқ атылып, жараланған. Шенеунік дереу ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар