Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министрлік Қазақстанда қайырымдылыққа үйрететін мектеп ашылатынын мәлімдеді

Министрлік Қазақстанда қайырымдылыққа үйрететін мектеп ашылатынын мәлімдеді
Сурет: unihelp.by
Елімізде қайырымдылыққа үйрететін мектеп ашылмақ.

Қазақстандықтардың қайырымдылыққа деп берген қаражатына қиянат жасап жатқан қорлар аз емес. Сол себепті ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтің сенімін қалай серпілту мақсатында жаңа мектептер ашпақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агентігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Осыдан бір ай бұрын мемлекет басшысы "эндаумент-қорлары" туралы заңға қолға қойған еді. Жаңа құжатқа сәйкес, халыққа қайырымдылық негіздерін үйрету басталады. Яғни, филантропия мектебі ашылады.

“Қазір мына біздің қорларға, яғни үкіметтік емес ұйымдарға қарасақ, олардың тіпті сайттары да жоқ. Олар кім екенін де білмейміз. Олар өздерінің жұмыстарын баяндап, есеп жасап тұру қажет. Соның бәрі білім мен ақпараттың жоқытығынан деп ойлаймын. Соның бәрін осындай мектепте үйрету керек. Ол үшін арнайы мектепте ашу да дұрыс немесе пән болып мектепте немесе универде оқытса енгізу қажет деп ойлаймын”,  дейді қоғам белсендісі Бекнұр Қисықов.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша елімізде жалпы құны 50 миллиард теңгеге тең 5 жоғары оқу орнында пилоттық эндаумент-қорларын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ол қорлардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мамандар даярлау қажет. Осы мақсатта АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда филантропия мектебін ашу көзделген.

“Заңды әзірлеу кезінде эндаумент-қорлардың үздік тәжірибесі бар елдер негізге алынды. Ең сәттісі ретінде – АҚШ үлгісі алынды. Жеке заңның әзірленуі екі түрлі себепке байланысты. Бір жағынан қайырымдылық, екінші жағынан инвестициялық қызметті біріктіріп, оны бір заң аясында реттеу қажет болды”, – деді вице-министр Гүлзат Көбенова.

Осылайша, бұл заң жобасы, әсіресе, алаяқтыққа байланысты резонансты істер аясында өзекті. Себебі бүгінде алаяқтар азаматтар арасында қайырымдылықтың беделіне зор нұқсан келтіріп отыр. Айта кету керек, енді барлық қорлар өз есептерін ашық түрде жариялауға сондай-ақ жыл сайын тәуелсіз аудиттік тексерістен өтуге міндеттеледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар