Қоғам
Қытайда пранк жасаған қазақстандық қыз істеген әрекеттері үшін кешірім сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:48
- 87

Қытайда көшеде видео түсіріп пранк жасаған қазақстандық блогер полицияға жеткізілді.
Қытайда пранк видеолар түсірген қазақстандық қыз елге оралған соң полицияға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол елге келгеннен кейін Алматы қаласының полициясына жеткізіліп, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарынан өтті.
Полицияда қыз болған оқиғаға өкінішін білдірді.
«Менің видеом біреуді қорлау мақсатында түсірілмеген. Бұл ойланбай жариялаған жазба болды. Одан көңілі қалған адамдардан кешірім сұраймын. Енді әлеуметтік желілерде контент салуға мұқият қарайтын боламын», – деді ол.
Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде видео жариялау кезінде абай болуды ескертті.
«Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғамда жағымсыз реакция тудыруы мүмкін», – деп атап өтті полиция.