Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Міне, айтқаным келді»: Меруерт Түсіпбаева Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді

«Міне, айтқаным келді»: Меруерт Түсіпбаева Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді
Сурет: smi24.kz
Меруерт Түсіпбаева Перизат Қайрат туралы бірнеше жыл бұрын ескертіп, жазған.

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева істі болған волонтер Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

“Ал, сіз қалай ойлайсыз?! Елден ақша жинап, оны өз еркімен жұмсаған Перизат Қайратқа 10 жыл мерзім аз ба, көп пе?! Жеткілікті ме?! Халықтан жинаған ақшаға шалқып өмір сүрген. “БАД-ы миллион теңге деп жазған анасына 8 жыл сұрапты. Шешім әділ ме?! Мен осыдан 3-4 жыл бұрын желіге “Халықтан жиналған ақшаның есебін беруі керек” деп жазғанмын. Міне, айтқаным келді”, – деп жазды әнші.

Айта кетсек, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар