Қоғам
«Дене қызуы көтеріліп, буындар ауырады»: ДДСҰ масадан тарап жатқан емі жоқ вирустан сақ болуға шақырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 97

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа вирус туралы айтып, дабыл қақты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы масадан тараған вирус әлемге қауіп төндіріп отырғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Астана" арнасы. сілтеме жасап.
Чикунгунья деп аталатын вирус 119 елде таралып, шамамен 6 миллиард адамға жұғу қаупі бар. Вирус алғаш Үнді мұхитындағы аралдарда таралып, қазір Африка мен Азия елдеріне, тіпті Еуропаға жеткен.
Ауру дене қызуын көтеріп, буындарды ауыртып, ұзақмерзімді салдарға ұшыратуы мүмкін. Мамандар індетті дер кезінде бақылауға алмаса, бұрынғы эпидемия қайталануы мүмкін екенін ескертеді.
Жаңа вирустың нақты емі жоқ. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сақтық шараларын күшейтіп, ашық киім кимеуге кеңес береді.