«Айбар оны қатты қызғанатын»: Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деген Айзаттың құрбысы бар шындықты айтып берді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 94

Жетісу облысында күйеуі атқа сүйреп өлтірген әйелдің жақын құрбысы күдікті туралы шындықты айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Белгілі журналист Руслан Өтепбай арнайы шақыртумен оқиғаны зерттеуге барған. Мадина Қайратқызының айтуынша, күдікті Айбар қызғаншақ болған.
"Әлі күнге дейін сене алмаймын, өте қиын. Күйеуі қол көтерген, ұрған деп ойлаймын. Өзі құлап кетті дегенге сенбеймін. Миға қонымсыз, Айзат оған дейін телефонын әжетханаға түсіріп алған. Құлап кеткенін қалай суретке түсіреді? Сау-тамтығы жоқ. Адам сондай күйге жетеді деп үш ұйықтасам түсіме кірмес еді. Еті сүйегіне дейін көрініп сырылып қалған. Мен не істегенін білмеймін. Айзат мені қонаққа шақырған. Ол тұратын ауылға барғанмын. 10 шақты үй бар, оның төртеуінде ғана адам тұратын шығар. Күйеуінің көзіне шөп салды дейтіндей, ол жақта еркек те жоқ. Сеть те ұстамайды. Ол күйеуін қатты жақсы көрді. Оның барлық әлеуметтік желісі Айбардың телефонына қосулы болатын. Тіпті бізге артық ештеңе жазбайтын, тек қоңырау шалатын. ", - дейді құрбысы.
Ол Айбардың қызғаншақтығы сонша, әйелін үнемі тексеріп отыратынын айтады.
"Күйеуінің жаман жағын барынша жасыратын. Айбар оны қатты қызғанатын, ал қызғанышқа негіз жоқ. Тіпті дүкенде кезекте тұрып қалса да сен қайда жүрсің деп қысымға алатын. Менің үйіме Айзат келетін болса, күйеуімді басқа жаққа жіберемін. Өйткені Айбар үйдің бәрін артық ешкім жоқ па деп тексеріп шығатын. Қызын әдейі жатын бөлмеге апарып ұйықтатады. Осындай қызғаншақ болды", - деді ол.
@ruslan__utepbai ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ Руслан Өтепбай YouTube арнасында!
♬ Dramatic Trailer - Stanislav Barantsov