Қоғам
Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз бола алады
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 72

Түркия азаматтары Қазақстанда 30 к.н ғана емес, енді 90 күн визасыз қала алады.
Қазақстан Түркиямен визасыз режимді кеңейтпек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Түркия азаматтары енді Қазақстанда визасыз 90 күнге дейін бола алады.
Жаңа ереже бойынша, енді Түркия азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз келіп, әрбір 180 күндік кезең ішінде барлығы 90 күнге дейін Қазақстанда бола алады. Бұған дейін олар тек 30 күнге дейін ғана визасыз елде бола алатын.
"Жобаны қабылдаудың мақсаты – Түркия Республикасымен тығыз ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық және туристік климатты құру және экономикалық дипломатияны жандандыру", - делінген құжат жобасында.