“Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді”: жәбірленушілер Перизат Қайрат пен оның анасына қатаң жаза ұсынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 409
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша бүгін жәбірленушілердің жарыссөзінде 12 адам сөз сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші Руслан Томашев Перизат Қайраттың қорына белгілі бір мөлшерде ақша аударған. Ол екі айыпталушыға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыруды қажет екенін айтты.
«Шешіммен толықтай келісемін. Көптеген жәбірленуші жасы мен денсаулығын ескеріп, жеңілдік жасау туралы айтып жатыр. Меніңше, мұндай нәрсені түбінен тоқтату керек. Үкімді өзгеріссіз қалдыру қажет. Ешқандай жеңілдік жасалмауы, ауруы, жасы немесе басқа сылтауға жол бермеу керек», – деді жәбірленуші.
Сотта сөйлеген жәбірленушігің бірі Әмина Аймағанбетова Перизат Қайраттың анасыың әрекетін сынады.
«Ең қатаң жаза қолдану қажет. Өйткені анасы қайда қарап отырды? Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді», – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




