Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

15 жылға дейін: медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар бірнеше жылға дейін сотталуы мүмкін

15 жылға дейін: медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар бірнеше жылға дейін сотталуы мүмкін
Сурет: gov.kz
Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне дөрекілік көрсететіндер қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасайтындарға жаза күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында министр бұл түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін айтты. Парламентте дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады.

"Қылмыстық кодекске жаңа 158-1-бабын енгізу ұсынылады. Ол медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану немесе күш қолдану қаупі үшін жазаны көздейді", - деді ол.

Бұдан былай медицина қызметкеріне шабуыл жасаған адам 2-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады. Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасағандар 15 жылға бас бостандығынан айырылады. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар