Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 қыркүйек білім күні: оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылына қатысты өзгеріс туралы айтты

1 қыркүйек білім күні: оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылына қатысты өзгеріс туралы айтты
Сурет: grt.md
Министр жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталатынын мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алдағы жаңа оқу жылында мектептерде болатын өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Оның сөзінше, Білім күніне арналған салтанатты жиынның күні мен уақыты енді мектеп деңгейінде анықталады — яғни, соңғы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды.

«Оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Салтанатты жиынның күні мен уақытын мектептің педагогикалық кеңесі шешеді. Егер мектеп пен педкеңес бұл шараны дәл 1 қыркүйекте өткізуге болатынын дұрыс деп тапса, біз ондай мүмкіндік береміз», – деді министр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар