Қоғам
Қазақстанда мұғалімдерге шабуыл жасайтындарға қатысты заң күшеймек
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 89

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мұғалімдерге шабуыл жасау жиілеп бара жатқанын айтты.
Қазақстанда ендігіде мұғалімдерге күш көрсеткендерге де қатаң жаза қолданылатын болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол соңғы уақытта тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, білім беру саласындағы мамандарға да шабуылдар жиілеп баратынын айтты.
«Сондықтан біз оларды қорғау тетіктерін де қарастырып жатырмыз. Жауапкершілік пен қорғану деңгейі тең болуы тиіс. Бұл бағытта бірқатар ұсыныс бар, депутаттармен ақылдасып, халыққа жеткіземіз», – деді Ермек Көшербаев.