Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Екі тізесі түгел сырылған»: Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деген келіншектің әпкесі жан шошытарлық жайтпен бөлісті

«Екі тізесі түгел сырылған»: Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деген келіншектің әпкесі жан шошытарлық жайтпен бөлісті
Сурет: ашық дереккөздерден
Айзат Жұманованың әпкесі сіңлісінң қазасы туралы тың деректер айтты.

Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деген Айзат Жұманованың қазасы туралы әпкесі Раушан Дәуренбекова тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Оның айтуынша, Айзатты азаптап өлтірген. 

"Мәйітті көрген кезде шашының су екенін байқадым. Басын ұстап көргенде, шүйде тұсы былқылдап жатты. Жағының сынғанын байқадым. Екі тізесі түгел сырылған. Аяқтарының басы, саусақтарының үстінде тері жоқ. Тілерсегінде сырылған із бар. Сан етінде тері жоқ, құдды күйіп, күлдіреп түсіп қалғандай. Айзаттың аузын қарағанымда, тістің арасы түгел қан екен. Жағы сынғанда аузынан аққан қан қайда? Сыртқы жарақаттардың қаны қайда? Ештеңе жоқ. Бәрін жуып, тазалап, шомылдырып алып келген қызды", дейді әпкесі.  

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар