Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 35 жастағы ана 4 айлық баласымен «Ана» үйінде тұрып, такси қызметін атқарып жүр (ВИДЕО)

Алматыда 35 жастағы ана 4 айлық баласымен «Ана» үйінде тұрып, такси қызметін атқарып жүр (ВИДЕО)
kyn.kz
Дина Марданның 9 жасар тұңғышы қатерлі ісікпен ауырып, ауыр емнің салдарынан ерекше балаға айналған.

Дина Мардан Орал қаласында дүниеге келген. Бүгінде екі баланың анасы. Дәл қазіргі күні 4 айлық Димаш есімді ұлымен  «Ана» үйін паналауға мәжбүр. Өйткені тағдырдың түрлі сынағы оның өмірін осылайша өзгертіпті.

«Мен қазір барынша сынып кетпеуге тырысып, осы қолымдағы ұлымды көргенде оған ана ретінде қамқорлық беруге, жылуым мен жауапкершілігіммен қарауға күш салып отырмын. Ұлымның әкесі бүкіл жүктілік кезінде мені ұрып-соғып келді. Тіпті учаскелік дәрігерлерім үнемі менің көзім, бетім, денем көгеріп жүретінін білетін. Бірде тіпті полицияға арыз жазып жіберді. Мен ұлымның әкесі бала дүниеге келгенде өзгереді деп күттім. Ол түрлі уәдесін үйіп, менің сеніміме кірді. Осы ұлдың туылғанын қалады. Бірақ бала дүниеге келгенде ескі әдетіне басып, нәрестемнің көзінше мені ұрды. Міне сол кезде мен ажырасуым керек екенін түсіндім. Ертең мені мүгедек етіп қойса қайтемін деген ой келді. Бүгінде ол маған көмектеспек түгілі, баланы тартып аламын деп қорқытып, ізіме түсіп жүр. Мен қорғанатын адвокат жалдауға да ақшам жоқ»,-деді Дина Мардан.

 Дина күнделікті көлікті жалға алып, таңның атысымен оны жуып-шайып, баланы алдына отырғызып такси қызметіне шығады.

«Димаш өзін жақсы сезінсе болды. Жұмыс жүребереді. Оның дүниеге келгеніне екі ай болғанда осы жұмысты бастадық. Көлікті 12 мың теңгеге күніне жалға аламын. Содан баламның керегін түгендеп, қарнын тойғызып жолға шығамыз. Өткен апта бес күндей жұмыс істемедік. Ұлым ауырды, өзім ауырдым. Дәрі еккізіп жүрмін қазірдің өзінде. Жұмыс кейде жақсы 15 мың-10 мың таза табыспен қайтамын. Мен өзге таксишілер сияқты тоқтамай жүре алмаймын. Баланың жағдайына қарау керек. Кейде жылайды, кейде бүлдіреді, кейде тоқтап тұрып тамағын беріп, ұйықтатуға тура келеді. Кейде тіпті түсте шығып, түк таппай, көлікті жалға алғаным үшін төлейтін ақшаны да таппай қаламын. Ондай кезде мен минусқа кетпеуім керек. Түнделетіп баламен таксиге шығамын. Бұл уақытша қиындық. Мен берілмеймін»,-деді Дина Мардан.

Дина Мардан жаңа туған ұлымен ақысы төленбеген пәтерде қалып кеткенін де жасырмады.

"Ұлымның әкесі бізбен ұрысып, бірге жалдап тұратын пәтерден кетіп қалды. Бір күні пәтер иесі  "ақша төлемедіңдер, шығыңдар, бұдан артық беттеріңе қарап отыра алмаймын" деп айқайға басты. Сонда менің сенген адамым қозғала алмайтын күйімде маған сатқындық жасап, қиын жағдайға өзі қалдырып отырғанын түсіндім. Содан бастап көлікті жалға алып, таксиге шықтым. Арасында ұлым екі күн қатты жылап мазасызданды. Бір дәрігер кісіні баратын жеріне жеткізіп, ақысы есебінде балама массаж алуды бастағанмын. Сол кісі айтты. массаж кезінде баланың ауызы жабылмай жылады."Смесь әкелші. Меніңше күйзелістен сенде сүт жоқ. бала аш" деп. Сол мезетте смесь алып, сол жерде жасап бердік. балам бөтелкені жеп қоя жаздап, терлеп ішіп алып, жаны кіріп ұйықтады. Әкесіне қазірге ең құрығанда баланың жөргегі мен тамағына ақша берші деп ала алмадым. Жауап бермейді болды. Осыдан-ақ оған бала керек емес екенін түсінуге болады",-дейді әйел.

Динаның қазіргі жағдайына ұлының туған ата-әжесі, өзінің туған бауырлары мен ата-анасы да көмек қолын созудан бас тартыпты.

«Диамш туғанда өз атасы есімін қойып, жақсы қабылдаған. Әкесімен түсініспеушілік басталғаннан кейін олар бізбен араласуды қойды. Хабарлассақ жай ғана телефон тұтқасын да көтермейді. Өз анам осы жігітпен көңіл қосуыма қарсы болды. Енді «кезінде бізді тыңдамадың» деген сөздерін айтады. Көмек сұрағанымда жауапсыз қалдырды. Содан қарым-қатынасымыз үзілді. Қазір жалғызбын десем де болады. Үлкен ұлым бес жасқа дейінгі балаларда болатын қатерлі ісікпен ауырды. Химия алды. Қатерлі ісік ауруынан айықты, бірақ қатарластарына қарағанда дамуы кешікті. Қазірге дейін сөйлей алмайды. Тура қазір Каблуковадағы психологиялық орталықта толық тексеруден өтіп жатыр. Ол арнайы мектепке барады. Өзі жүріп-тұра алады, керегін көрсетіп, ым-ишарамен сөйлейді»,-деді жалғыз басты ана.

KYN.KZ редакциясы осы материалды дайындап жатқанда Дина хабарласып, Димаштың әкесі өзінен ұлды тартып алуға кіріскенін айтты.

«Маған тағатын айыбы «Ана» үйінде тұрып жатқаным. Оған бала да керек емес шындап келгенде. Жай маған тыныштық бермеуге, мені үнемі қинап отыруға үйренген. Ол ертең мені «баласын баға алмай жатыр, тұратын жері жоқ» деп арызданып, баламды алып алған күнде де өзі бақпайды. Шымкентке ата-әжесіне апарып тастап, өзі осында жүретін болады. Кезінде Димаш екеуіміздің пәтер ақымызды төлемей қашып кеткен. Оған қалай сенуге болады? Қазір енді «баланы тартып аламын» деп мені қорқытып отыр»,-дейді әйел.

Динаның жұмысын, жолаушылардың балалы шопырға қалай қарайтынын көру мақсатында алғашқы клиентін түсіріп алмақ болдық. Зейнет жасындағы әйел кісі баланы көріп бірден көңіл-күйі түсті. Ақыры көңілі толмаған болса керек, қайтадан алғаш отырған жеріне әкеліп тастауды өтініп, балалы таксиден бас тартты.

«Бұл кісі Жұлдыздан Қаскеленге шыққан екен. Таксиді қызы шақырып беріпті. Ол терезеден қарап тұрыпты. Анасына «неге ыстықта таксидің алдына, мұздатқыш жақсы соғатын жерге отырмадың» деп хабарласты. Бұл кісі «Таксишінің кішкентай баласы бар екен» деп түсіндіруге тырысты. Бірақ қызы ұрысып, үйге қайта әкеліп тастауды бұйырды»,-дейді Дина.

Қазіргі күні материалдық мұқтаждыққа түскен Дина Марданға кез келген азамат көмек қолын соза алады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы ақша сала аласыз. Немес Динаның өзімен сөйлесіп, қазіргі күйіне көз жеткізіп, заңгерлік, демеушілік қолдаулар жасай аласыз. Байланыс нөмірі:+77077760702 Дина Мардан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар