Қоғам
Астанада әйел автобуста аутизмі бар баланы кемсіткен: Динара Зәкиева пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 шілде, 2025
- 345

Динара Зәкиева автобуста аутизмі бар балаға дөрекілік көрсеткен әйелге қатысты айтты.
Астанадағы автобуста аутизммен ауыратын кішкентай баланы кемсіткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева сырқаты бар баланың анасымен байланыста екенін айтты.
«Астанада қоғамдық көліктегі жолаушы әйелдің балаға дөрекілік танытып, кемсіткені туралы анасы айтып берді. Осыған байланысты қала прокуратурасымен байланыс орнатылды. Сарыарқа ауданының полиция басқармасы күдіктінің жеке басын анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр», - деп жазды уәкіл.
Айта кетсек, әйел 6 жасар аутизмі бар қызына автобуста әйелдің дөрекілік көрсеткенін айтып, желіде бөлісті.