Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық 9 жасар баланың өкпесінен 1,5 метрге жуық катетер сымы табылды

Қазақстандық 9 жасар баланың өкпесінен 1,5 метрге жуық катетер сымы табылды
Сурет: видеодан скриншот
Ресейге ем алуға барған баланың өкпесінен ұзындығы 1,5 метр болатын сым шықты.

Новосібір қаласындағы медициналық мекемеде қазақстандық баланың өкпесінен ұзындығы 1,5 метр болатын катетер сымы табылды. Отбасы енді ота жасату үшін Италияға бармақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Mash Siberia Telegram-арнасы жазды.

Қазақстандық ата-ана баласын емдету үшін Ресейге алып барған. 9 жасар балада өте сирек кездесетін жүрек ақауы бар. Оның жүрегінің бір ғана қарыншасы жұмыс істейтіні анықталған. Ем іздеген ата-ана Новосібірдегі медициналық мекемеге жүгініп, ота үшін төлем төлеген.

Отаға дайындау барысында дәрігерлер балаға төрт рет зонд орнатқан. Алайда  оның жағдайы күрт нашарлап, уақытша кардиостимулятор қойған. Содан кейін баланың өкпе тұсынан сұйықтық пайда болып, қосымша тексеріс жүргізілген.

Рентген кезінде баланың өкпесінде катетерден қалған ұзын металл сым бары белгілі болады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл сым қан айналымында тромбтың түзілуіне себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта бала қымбат антикоагулянттар қабылдауға мәжбүр.

Баланың ата-анасы бұл жағдай бойынша Ресей Федерациясының Тергеу комитетіне ресми шағым түсірді. Бірақ медициналық мекеме бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Қазіргі таңда ресми тергеу жұмыстары жүргізілуде, ал бала дәрігерлер бақылауында емін жалғастырып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар