«150-210 мың теңге арасында»: Айнұр Тұрсынбаева ескі көйлектері мен әшекейлерін сатылымға шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 шілде, 2025
- 871
Белгілі айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева ескі көйлектерін сатылымға шығарды, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.
“Бір-екі рет киілген киімдерімді сатуға шығарамын. Тіпті, арасында киілмеген көйлектер де бар. Аяқкиімдер де толып жатыр. Егер 35-36 өлшемді кисеңіз, сатып алуға үлгеріңіз. Меккеден алған көйлектерімді де сатуға қойдым. Меккеге бару нәсіп етсін. Үйге киетін шапан көйлектерімді де көрсетілген парақшадан аласыз. Алтындарымды да тақпайтын болғасын сатуға шығардым. Бриллиант тастары болғасын 150-210 мың теңге арасында болады. Қыздар, сатып үлгермей жатыр”, – деп жазды Айнұр.
Желі қолданушылары көйлектерді сатып алғылары келетінін жарыса жазуда. Тіпті кейбіреуі ақшасын да дайындап қойған.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Бәтима Зәурбекованың 80 жылдығына арналған көрме өтеді
- авторkyn.kz
- 1 қыркүйек, 2026
Қазақстанға Энрике Иглесиас келеді: Астана әкімдігі үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026




