Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарапайым алматылықтардың елдегі саяси жағдайларға араласу деңгейін анықтап көрдік (ВИДЕО)

Қарапайым алматылықтардың елдегі саяси жағдайларға араласу деңгейін анықтап көрдік (ВИДЕО)
kyn.kz
Біздің сұрағымызға жауап берген орта жастан асқандар елдегі белсенді азаматтар деуге келеді екен.

Азаматтық қоғамның белсенділік деңгейін білу мақсатында алматылықтардың сайлауға қатысу, дауыс беру олардың өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын сұрап көрдік. Көпшілік сенімсіздік танытты. Дегенмен көпшілік  Қазақстандағы президент, депутат, әкімді сайлау сияқты саяси науқандарға бейжай қарамайды екен. KYN.KZ тілшісі көпшілік пікірін назарларыңызға ұсынады:

Сайлауларға қатысып, елдің саяси жағдайларына қаншалықты жауапкершілікпен араласасыз?

1. Мен сайлауға барып көрмегенмін. Мен бармасам да дауыс беріліп, сайланатын адам сайланады деп ойлаймын.

2. Мен Қазақстан республикасының азаматы ретінде үнемі, сайлауға қатысамын. Саяси жағдайларға араласып жүремін. Мен таңдаған кісі сайланған кез болмады. Бірақ мен дауыс беруге осы елдің азаматы ретінде жауаптымын деп сенемін.

3. Сайлауларға бардым, қатыстым. Мен таңдаған адам болып көрмепті.

4. Жұмыстан бос болсам міндетті түрде дауыс беруге барамын. Ия, барып, таңдауымды жасау менің азаматтық міндетім.

5. Сайлаудан қалмаймын. Желілерде түрлі дауыс ұрлаған видеоларды көремін. Ол енді көңілді түсіреді. Бірақ, Жаңа қазақстан деп сенемін. Ендігі саяси шешімдер әділ болады деп сенемін.

Алматылықтардың дені өз жауабында Жаңа Қазақстанға сенім артатындарын ашық айтуда. Көпшілігі әкім, депутат, президент сайлауларына жауапты қарайтынын байқадық. Ең бастысы, алматылықтардан  әділдік пен жарқын болашаққа сенім барын байқадық.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар