Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Екі баланы бесінші қабаттан лақтырып жіберген": Павлодарда жантүршігерлік оқиға болды

"Екі баланы бесінші қабаттан лақтырып жіберген": Павлодарда жантүршігерлік оқиға болды
life.ru
Павлодарда көшеде өтіп бара жатқан адам жедел жәрдемге телефон шалып, әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлаған.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, қоңырау сағат 13:00-де өтіп бара жатқан адамнан түскен.

"Оған себеп болған жағдай – Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел екі баланы бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген", - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі өкілдері.

Осыдан кейін әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

"Бірінші санат бойынша үш жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Бригадалар 6 минутта жетті. Ауыр халдегі екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ауыр халдегі әйел Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді", - деді денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Кейін Павлодар облыстық полиция департаменті әйел мен балалардың жарақат алуына себеп болған қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді.

"30 шілдеде Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетов көшесіндегі ғимараттың 4-5-ші қабаттарының арасында орналасқан кіреберістің терезесінен екі бала мен әйелдің құлағаны анықталды. Зардап шеккендер шатырға құлаған, барлығы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментіндегілер.

Адам өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева да оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жарақат алған балалардың жасы 1,5 және 7-де екенін хабарлады.

"Құлаған кезде пәтерде зардап шеккендерден басқа ешкім болған жоқ", - деді балалар омбудсмені.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет таратты.

Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмағандар жедел жәрдеммен облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.

2024 жылы туған бала клиникалық өлім жағдайында жеткізілген, қабылдау бөлмесінде реанимациялық шаралар жүргізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Жағдайы өте ауыр, 3-дәрежелі травматикалық шок, есін білу деңгейі – кома-3, көлемді бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегі көп жерден зақымданған, миы шайқалған, ішкі ағзалардың контузиясы.

2017 жылы туған бала жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған, ішкі ағзалары зақымданған. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылды.

Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шара жүргізіледі.

1991 жылы туған әйелдің жағдайы ауыр, есін біледі. Жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, аяғының жоғарғы және төменгі бөлігі сынған. Жансақтау бөлімінде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар