Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Артында бес баласы қалды»: Маңғыстау облысында ер адам суға батқан екі қызды құтқарамын деп көз жұмды

«Артында бес баласы қалды»: Маңғыстау облысында ер адам суға батқан екі қызды құтқарамын деп көз жұмды
Сурет: Lada.kz
Суға батып бара жатқан екі қызды құтқарамын деп қаза тапқан ер адам марапатталды.

Ақтау маңындағы демалыс орындарының бірінде ер адам суға батып бара жатқан екі қызды құтқарамын деп көзщ жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ТЖД ерлік көрсеткен Ерлан Шонтабаевты марапаттады. Оның жақындарына өңірлік ТЖД басшысының атынан алғыс хат табысталды.

Марқұмның артында 5 баласы қалған.

"Ерлан Шонтабаев теңіз жағасында достарымен бірге демалған. Олар алкоголь ішпеген. Маңында тағы бір топ адам - екі қыз бен екі жігіт демалуға келген. Суға шомылуға барған қыздар суға бата жаздаған. Жігіттердің бірі көмектесу үшін суға секірген, ал екіншісі көмекке шақыра бастаған.

Көмек қажет екенін естіген Ерлан Шонтабаев еш ойланбастан суға секірген. Ол қыздарды құтқарып қалған, алайда жігітті құтқаруға ұмтылғанда, екеуі де суға кеткен", - деп мәлім еткен жақындары.

Ер адамның артында жолдасы мен бес баласы қалған. Ең кішісі - үш айлық. Құрық ауылында жігіттің жаназасы өтті. Құтқарушылар марқұмның отбасына көңіл айтып, оларға алғыс хат табыстады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар